Вакциналау қарқыны төмен Атырау облысының әкімі: Ақшалай сертификат береміз...

29 Маусым 2021, 10:56
Сурет: pixabay.com

30 маусымнан бастап Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алатындарға ақшалай сертификаттар ұсыну жоспарланып отыр. Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бұған дейін Атырау облысы Қазақстанның барлық аймақтары арасында халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау деңгейі бойынша көштің ең соңында тұрғаны хабарланған болатын.

Вакциналау қарқынын жақсарту, вакцинацияны одан әрі ынталандыру үшін аймақтағы сауда және ойын-сауық орталықтарында түрлі шаралар өткізіледі. Сонымен бірге, 30 маусымнан бастап демеушілердің көмегімен вакциналауға ақшалай сертификаттар ұсыну жоспарланып отыр. Бұл осы шараға оң серпін береді деп ойлаймын, - деді Досмұхамбетов үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 26 маусымнан бастап өңірде КВИ жұқтырушылар саны көбейіп, облыс "қызыл" аймаққа өткен.

66 жағдай анықталды, коэффициент 1,27 құрады. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 28 маусымнан бастап облыста карантиндік шектеу шаралары күшейтіліп, Теңіз кен орнында карантин ұзартылды. Инфекциялық төсек-орын саны - 2 098, қамтылу деңгейі - 16,5% немесе 346 науқас. Бұл 1 маусыммен салыстырғанда 21,5%-ға төмен. Облыста жұқпалы ауруларға арналған жан сақтау бөлімінде 81 төсек-орын бар, онда 25 науқас емделіп жатыр, жүктеме 31% құрайды. Бұл 1 маусымдағы жағдайға қарағанда 10,7% төмен. Сонымен қатар, қосымша 750 резервтік төсек-орын орналастырылды, оның 57-і жан сақтау бөліміне арналған, - деді әкім
.

Сонымен бірге, әкімнің айтуынша, бүгіндері 347 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда, бұл мамыр айының осы кезеңімен салыстырғанда 45% төмен.

Өткен жылы тұрақтандыру қоры 2 айға (дәрі-дәрмектер) жеткілікті қор құрды, сонымен қатар облыста вакциналау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірге бірінші компоненттің 120 200 дозасы және екінші компоненттің 117 200 дозасы бүгінгі күнге дейін жеткізілді. Оның ішінде бірінші кезекте 81 861 адам, екіншісімен 44 827 адам егілді. Облыста вакцина алушылар санының алдыңғы аптамен салыстырғанда өсіп жатқаны байқалады, вакциналау деңгейі 41% -ға өсті. Аймақта екпе салу үшін 41 вакциналау пункті ашылды, оның 10-ы жылжымалы, деп қорытындылады өз сөзін Досмұхамбетов.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?