Алматыда қымбат көлік мінген әйелге шабуылдағандар ұсталды

29 Маусым 2021, 11:49
Сурет: polisia.kz

Алматыда тәртіп сақшылары ұрланған Toyota Camry 70 көлігін иесіне қайтарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, қылмыс түннің бір уағында жасалған.

– 21 маусымда сағат 00:30 шамасында Розыбакиев пен Құсаинов көшелерінің қиылысында маған шабуыл жасалды. Ол мені қорқытты, егер мен оның талаптарын орындамай, тыныш отырмасам, мен сені өлтіремін деді. Сондай-ақ ол бір жерге жетеміз, сен үндемей жүк салғышқа ауысасың деді, – дейді жәбірленуші.

Қылмыстық қол сұғушылықтың нысаны Toyota Camry 70 маркалы көлік болды.

– Қаскөйлер үшеу. Олардың бірі көлігін тұраққа қойып жатқан кезде әйелге шабуылдап, оны бірнеше рет ұрып, көліктің ішіне итеріп кіргізіп, кетіп қалған. Абырой болғанда, жолда жәбірленуші көліктен шығып үлгеріп, оны полицияға хабарлаған. “Ұстау” жоспары бүкіл қала бойынша енгізілді. Көлік басқа ауданнан табылды. Күдіктілер бірнеше сағаттан кейін ұсталды, – деді Бостандық АПБ-ның бастығы Думан Аухадиев.

Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен үш ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Сол түні маған Бостандық аудандық ПБ-нан көліктің табылғандығы туралы хабарланды. Сәл кейінірек қылмыскерлердің ұсталғанын айтты. Қылмысты ашқаны үшін полиция қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Оларға қызметінде сәттілік тілеймін, – деді автокөлік иесі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?