Павлодар облысында төрт жасар қыз көлік астына түсіп, мерт болды

29 Маусым 2021, 11:57
Сурет: pixabay.com

Павлодар облысында төрт жасар қыз көлік астына түсіп, мерт болды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, 28 маусым күні сағат 17:30-да Ақсу ауылдық аймағының Береке ауылында "ВАЗ 2106" автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі 2017 жылы туған қызды қағып, жолдың жүру бөлігіне шығып кеткенін хабарлады.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деді полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Оның айтуынша, жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?