Жаңалықтар тізбегі
0

Үндістанда 40 мыңнан аса адам "қара зең" жұқтырған

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2021 19:19 pixabay.com
Қара зең анықталған науқастардың 32% -ы 18-45 жас аралығындағы, 42% -ы 45-60 жас аралығындағы және 24% -ы 60-тан жоғары жастағы адамдар санатына жатады.

Үндістанда дәрігерлер 40 мыңнан астам "қара зең" жағдайларын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Зең инфекцияларынан болатын өлім-жітім 3 129 жағдайды құрады, ал барлығы 40 845 жағдай тіркелді, оның 31 344 жағдайда мұрын, тыныс алу жолдары және мидың бөліктері зардап шеккен, - дейді Үндістанның денсаулық сақтау министрі Харш Вардхан.

Қара зең анықталған науқастардың 32% -ы 18-45 жас аралығындағы, 42% -ы 45-60 жас аралығындағы және 24% -ы 60-тан жоғары жастағы адамдар санатына жатады.

Науқастардың 64% -ы қант диабетімен ауырған, ал 53% -ы стероидті дәрі-дермек қабылдаған.

Науқастардың басым бөлігі Махараштра, Керала, Тамилнад, Батыс Бенгалия және Одиша штаттарында кездеседі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: