Ақмола облысында жезөкшелікке мәжбүрлеу дерегі ашылды

29 Маусым 2021, 16:48
Сурет: ашық дереккөздерден

Ақмолалық полицейлер жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеуге қатысты қылмыстың жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Тәртіп сақшылары бұрынғы танысын интим қызметін көрсетуге мәжбүрлеген 28 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.

Анықталғандай, күдікті бұрын жәбірленушімен бірге бір салада бір кәсіппен айланысқан екен, әрі жәбірленушіні өткен өміріне байланысты білетін құпияларды жария етіп жіберемін деп қорқытқан.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 308 бабымен (Жезөкшелікке тарту) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті келуге міндеттелді. Куәгерлердің айғақтары мен мойындау бар. Әйел үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?