Сенат төрағасы Қырғыз Республикасының елшісімен кездесті

29 Маусым 2021, 17:42
Сурет: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаевпен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

"ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев кездесуді аша келіп, тату көршілік, тарихи ортақ тамырластық, тіл мен мәдениет ғасырлар бойы қазақ және қырғыз халықтарын бауырластық пен достық қатынастармен байланыстырып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта Қырғызстан Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. Сенат төрағасы парламенттік өзара іс-қимыл қазақ-қырғыз қатынастарын нығайту факторларының бірі болып табылатынын атап өтті", делінген ресми хабарламада.

Мәулен Әшімбаев пен Жээнбек Кулубаев парламентаралық, әлеуметтік-мәдени, сауда-экономикалық өзара іс-қимыл бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады.

Осы жылдың күзінде Қырғызстанда сайлау өтетіні және Жогорку Кенештің жаңа құрамы қалыптасатыны белгілі. Парламенттік байланыстардағы ынтымақтастыққа одан әрі қарқын беру маңызды деп санаймын. Екі елдің өзара қарым-қатынасын дамытуға Парламенттер ықпал ете алатын бірқатар мәселелер бар. Осыған байланысты парламентаралық қызметті одан әрі арттырудың маңызы зор, - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?