Қазақстандық ет өндірушілер қып-қызыл шығынға батуда

30 Маусым 2021, 09:38
Сурет: pixabay.com

Қытаймен арада халықаралық келісім бар. Сол арқылы көрші елге мұздатылған ет өткізуге рұқсат. Бірақ пандемияға байланысты Қытай логистикалық мәселелерді алға тартып, экспортты тоқтатып қойған, деп хабарлайды zakon.kz.

Астана телеарнасының хабарлауынша, Еліміздегі ірі компанияның бірі оған дейін дайындап қойған жарты тонна мұздатылған етті өткізе алмады. Кәсіпкерлердің айтуынша, өнімді қабылдамау туралы ресми хабарландыру болмаған.

Жеңіс БЕКНАЗАРОВ, ҚАЗАҚСТАН ЕТ ОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Осы мәселе біздің сыртқы экспортымызға күрделі мәселе болып отыр. Жалпы еттің нарығына Қытай біз үшін өте маңызды. Біздің жалпы ет өндірісіміздің, мал шаруашылығымыздың дамуына өте үлкен маңызы бар нарықтың бірі болып есептеледі.

Еттің шетел нарығына шыға алмауы өндірушілерді табыстан айырды. Кәсіпорындар сұраған бағада алмаған соң шаруа қожалықтары бордақылаған түлікті өзге елдерге тірідей сатуға мәжбүр дейді кәсіпкер.

Ернұр АЙДАРКИН, КӘСІПКЕР:

Шын мәнінде үлкен мүмкіндіктерді жіберіп алып жатырмыз және компания ретінде біз ғана емес, серіктестеріміз бен фермерлеріміз де шығынға ұшырап отыр. Өйткені, біз ет өткізудегі шектеулерге байланысты фермерлер ұсынған бағада мал ала алмай отырмыз.

Сатылмаған түлікті бағу үшін жем-шөп керек. Ол өз алдына шығын. Осындай түрлі проблемаларға тап болған ет өндірушілердің шағымына орай ауыл шаруашылығы министрлігі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына шекарадағы қалыптасқан жағдайды шешу туралы ресми хат жолдаған.

Раушан ҚОЖАНОВА, ҚР АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Сыртқы істер министрлігі Қытай тарапының кеден әкімшілігімен келіссөздер жүргізді. Олар ветеринариялық-санитариялық шараларға ешқандай шектеулер енгізілмегенін айтты. Және қайда? қашан? мемлекеттік шекараның қай учаскесінде тауарларды ұстау фактісі болғандығы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берсе, көмек көрсетуге дайын екендіктерін айтты.

Мұздатылған ет өнімдерінен бөлек, салқындатылған ет пен ішек-қарын Қытай нарығында үлкен сұранысқа ие. Ал бұл қазақстандық кәсіпкерлер үшін -үлкен табыс көзі. Сондықтан олар тезірек екі жақ келісімге келіп, жағдай тұрақталса дейді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?