1 шілдеде ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады

30 Маусым 2021, 10:49
Сурет: inbusiness.kz

1 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жұмыс іздеудің біріздендірілген жүйесі - "Шекарасыз жұмыс" іске қосылады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Шекарасыз жұмыс" – бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелеріндегі бос жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын іздеушілер туралы ақпарат алуға арналған іздеу жүйесі.

"Ортақ интеграциялық жүйені бір уақытта іске қосу үшін шетелдік әріптестермен бірлесіп мүше мемлекеттердің аумағында жұмыс іздеу бойынша негізгі ақпараттық жүйелер әзірленді: "Горц" армян ақпараттық жүйесі, Беларусь Республикасының Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің ақпараттық порталы, қырғыздардың "Жұмыспен қамту" порталы, "Ресейдегі жұмыс" ақпараттық жүйесі және, әрине біздің "Еңбек" порталы", – деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Жалпы жүйе ЕАЭО-ның барлық жұмыс іздеушілері мен жұмыс берушілеріне ұлттық еңбек биржаларында жиналған, верификацияланған және жарияланған бос жұмыс орындары мен түйіндемелер бойынша жұмыс орнын немесе қызметкерлерді іздеуге мүмкіндік береді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?