Біртановтың қасына Цойды да қамай салсын – дәрігер

30 Маусым 2021, 14:40
Сурет: facebook.com

Білесіздер ме, Біртановты не үшін қамап қойғанын. Медицина саласында "цифрландырдым" деп 500 миллионға жуық ақшаны жоқ қылған. Енді оны он жылға қамап қойсын. Оның қасына апарып екі жылдан бері дым өзгертпеген Цойды да қамап қойсын, дейді желіде қазақ дәрігері Ғабит Нұрханұлы.

Сол кезде бүкіл медиктер, лаборанттар рақмет айтады!

Цифрлы медицина дегенде дәрігерлер мен медбике, лаборатория қызметкерлері қағазбастылықтан құтылып, тек науқаспен айналысу керек. Біз қайта цифрлы медицина басталғалы қағаздан бас көтере алмай қалдық. Бүгін түнгі сағат 3-те отырғаннан таңғы 8-ге дейін тек отчет жазумен отырдым. Пандемия, коронавирустың жаңа толқыны, ауыр науқастар, науқастардың анализін қарау жайына қалды, таңғы 6-ға дейін отчет жіберуің керек. Отчет болғанда бір отчет болса мейлі ғой, бір жазған науқасыңды, туған жылы, жынысы, тұратын жері, емхана тіркелген жері, ауырған куні, ауруханаға түскен күні, реанимацияға түскен күні, ПЦР нәтижесін, жағдайын, ИВЛ бар-жоғы, КТ нәтижесін, соның бәрін Екселде үш жерге жазып шығасың. Сосын қорытынды, төртінші отчет ретінде оның коронавирус ПЦР оң, ПЦР терістерді бөліп алып, оның ішіндегі ауыр науқастарды, өте ауыр науқастардан айырып, олардың ішінде ИВЛ-дегісін, ИВЛ-де жоғын, жалпы науқастардың проценттік қатынасын шығарасың. Осының бәрін тәулігіне екі рет, кешкі алты мен таңғы алтыға дейін жіберуің керек.

Орталық тәулігіне бір рет өткен тәулікке қорытынды шығарады, не үшін екі рет есеп алатыны түсініксіз.

Одан қалса өзің қарауың керек, шамамен 6 науқасқа тәулігіне 4 реттен 24 күнделік жазасың. Еще оларға анализдерін көріп, тағайындаулар беру керек. Қысқасы, компьютерден бас алмайсың. Оның үстіне, біздің қараулар советский ескі әдіспен: көрсең де көрмесең де шашынан бастап, башпайына дейін анықтап жазып шығуын керек. Ол керек пе, керек емес пе, ешкімге қызық емес, бастысы жазулы болуы керек.

Емханаға барғанда дәрігер сізге емес, компьютерге қарап асығып жазып жатқанын көрдіңіз бе? Вот, сол сіз шыққанша сіздің барлық жеріңізді көрсе де көрмесе де суреттеп жазып шығуы керек. Кімді алдап жүрміз? Германияда да бар күнделік деген, бірақ нақты факті жазасың, мысалға қан қысымы 150-ден көтерілсе бір таблетка Каптоприл бересің, қан қысымы 150/90 болса бір таблетка Каптоприл деп жазасың, бітті. Бізде науқастын санасынан бастап, іші, өкпесі, зәрін бәрін жазып бір таблетка Каптоприл деп жазуың керек. Лаборатория мен бағдарлама арасында байланыс жоқ, лаборанттар бәрін қолмен теріп отырады. Бір сөзбен Қағазыстан, дейді ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?