Көлгінов қандай көлікке "мініп" жүргенін айтты

30 Маусым 2021, 14:56
Сурет: elorda.info

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жұмысқа қандай көлікпен баратынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ол әкімдік қызметкерлері келісімшарт жасасқан такси қызметінің қызметін пайдаланатынын атап өтті.

Мен қазір Toyota Camry көлігімен жүрмін. Менің орынбасарларым да Қазақстанда шығарылған автомобильдерге мінеді. Жасыратын несі бар, біз такси қызметін қолданамыз, - деп жауап берді әкім ОКҚ-де.

Естеріңізге сала кетейік, елорда әкімдігінің қызметкерлері 2018 жылы қызметтік көліктерінен таксиге көшкен болатын.

Мұндай шешім бірнеше жыл бұрын қабылданған. Бөлім басшылары, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері - барлығы такси қызметін пайдаланады, - деді нақтылап Көлгінов.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?