Мамин АҚШ корпорациясымен Қазақстан ет өңдеу жайында сөйлесті

30 Маусым 2021, 15:33
Сурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин "Tyson Foods" халықаралық бизнес жөніндегі президенті Кристофер Лангхольцпен кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстанда заманауи агро-мультипротеин индустриясын дамыту мәселелері талқыланды.

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің АҚШ-қа сапары барысында 2019 жылғы желтоқсанда қол қойылған келісімге сәйкес "Tyson Foods" қазақстандық "Kusto Group" компаниясымен бірлесіп Қазақстанда сиыр еті өндірісінің толық циклін ашуды жоспарлап отыр.

Осылайша, бірінші кезеңде ҚР-да өнімділігі тәулігіне кемінде 2 мың басты құрайтын заманауи ет өңдеу кешенін салу көзделген. Кәсіпорын қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар өнімді шетел нарықтарына да экспорттайтын болады.

Жобаны іске асыру ет индустриясын және АӨК-тің басқа да іргелес салаларын – ветеринарияны, аграрлық машина жасауды, жемшөп дақылдарын өсіруді, бордақылау алаңдарын құруды және т. б. дамытуды ынталандыратын болады. Қазақстанның ауыл шаруашылығында он мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылады.

Өндірістік цикл америкалық "Экстеншн" қызметінің моделі бойынша қазақстандық фермерлерге ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетумен сүйемелденетін болады, бұл консультация беруді, жергілікті жерлерде кадрлардың біліктілігін арттыруды және кәсіптік-техникалық оқытуды қамтиды.

"Tyson Foods" компаниясының негізі 1935 жылы қаланған, компания айналымы $43,1 млрд құрайды, қызметкерлер саны – 139 мың адам.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?