Тоқаев жергілікті өзін-өзі басқару органы мәртебесін арттыратын заңға қол қойды

30 Маусым 2021, 17:41
Сурет: zakon.kz

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қабылданған заң жергілікті маңызы бар міндеттерді тиімді түрде шешу үшін ауылдық, аудандық және қалалық деңгейдегі билікке жаңа мүмкіндіктер береді. Оның ішінде биыл жаңадан сайланған мәслихат депутаттарының құқықтарын кеңейтеді және мәслихаттардың жұмысын жетілдіреді. Алдағы уақытта осы өзгерістер өңірлердің дамуына тың серпін береді деп сенеміз", деген еді Мәулен Әшімбаев осы заң талқысында.

Сондай-ақ заңға сәйкес, енді ауылдық, аудандық және қалалық билік деңгейлерінің дербестігі кеңейе түспек. Ол үшін салықтар мен төлемдердің кейбір түрлері бюджеттің төртінші деңгейіне беріледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?