Путин фотосын жарияламай-ақ вакцина салдырыпты

1 Шілде 2021, 08:33
Сурет: minzdrav.gov.ru

Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын салдырғанын айтты. Оның сөзінше, осыдан кейін біраз уақыт дене қызуы көтеріліп, таңға қарай басылған. Ол бұл жөнінде тікелей эфир кезінде мәлім етті, дейді centralasian.org.

Путин "ЭпиВакКорона" немесе "Спутник V" вакциналарының бірін алуға таңдау болғанын, ол соңғысын таңдағанын, себебі ол ұзақ уақытқа дейін әсер ететінін әрі Қарулы күштердің бәрі соңғысын алғанын, ал өзі бас қолбасшы екенін жеткізді.

Ендеше, екпе алғаныңыз жөніндегі суретіңіз неге жарияланбады деген сұраққа, Путин "егер екпені қолға емес, басқа жерге салғанда, оны да көрсетуіміз керек пе?" деп жауап берді.

Владимир Путиннің коронавирусқа қарсы екпе салғызғаны 23 наурызда белгілі болған.

"Спутник V" вакцинасын Ресейдің Гамалеи атындағы орталығы, ал "ЭпиВакКорона" вакцинасын Новосибирскідегі "Вектор" ғылыми орталығы әзірлеген. Тағы бір ресейлік "КовиВак" вакцинасын Чумаков атындағы орталық әзірлеп шығарған. Әзірге бірінші препараттың ғана тиімді әсері жөнінде ғылыми материалдар жарияланды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?