Бір тәулікте КВИ мен пневмониядан 29 адам қайтыс болды

1 Шілде 2021, 09:52
Сурет: ca-portal.ru

Денсаулық сақтау министрлігі 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығушылар туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдын ала келіп түскен ақпаратқа сәйкес, бір тәулік ішінде 26 адам коронавирустан, тағы үш адам COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 26122 адам КВИ-ден ем-дом алып жатыр, (24 802: КВИ + және 1 320: КВИ -), оның 7 738-і стационарда, ал 18 384 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ + және КВИ- науқастар арасында:

- ауыр жағдайда - 488;
- өте ауыр хәлде - 103;
- жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 68 науқас.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?