Тоқаев Есеп комитетінің төрағасына тиісті тапсырмалар берді

1 Шілде 2021, 11:15
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуына қатысты Үкіметтің есебі бойынша шығарылған негізгі қорытындылар жөнінде есеп берді. Құжат өткен аптада Парламенттің бірлескен отырысында қабылданған болатын", делінген Ақорда хабарламасында.

Сонымен қатар Наталья Годунова жер ресурстарын басқаруға, арнаулы экономикалық аймақтарға және "Тау-кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамына жүргізілген тексерістердің негізгі қорытындылары туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына тиісті тапсырмалар берді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?