Қазақстандағы Қырғыз Республикасының елшісіне "Достық" ордені табыс етілді

1 Шілде 2021, 11:28
Сурет: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтаған Қырғыз Республикасының елшісі Жээнбек Кулубаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР СІМ мәліметі бойынша, министр елшіге екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге қосқан үлесі үшін II дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.

"Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған аса жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады", делінген хабарламада.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?