Тоқаев "Ұрпақ теңдігі" атты жаһандық форумда сөз сөйлейді

1 Шілде 2021, 12:30
Сурет: facebook.com

Бүгін, 1 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев видео үндеу жасайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы айтты.

Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша, шамамен сағат 19:15-те Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "БҰҰ – әйелдер" құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған "Ұрпақ теңдігі" атты жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды, - деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Виртуалды форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған.

"Форумның негізгі мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру", деп нақтылады ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?