Көшербаев ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөнінде отырыс өткізді

1 Шілде 2021, 15:49
Сурет: facebook.com

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен 2021 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Комиссия сыйлыққа ұсынылған 16 жұмысты қарап, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерімен, сондай-ақ, медицина және биология ғылымдары, жаратылыстану ғылымдары, техника ғылымдары, гуманитарлық ғылымдар, ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша бес секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстарымен танысты.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2021 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алу үшін ұсынылған және алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі бекітілді.

Тізім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?