Алматы облысында ер адам өзенге ағып кетті

1 Шілде 2021, 17:24
Сурет: zakon.kz

Алматы облысында ер адам өзенге ағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы Кеген ауданындағы Шарын өзеніне ағып кеткен 37 жасар азаматты құтқарушылар іздестіріп жатыр. Бүгін - 1 шілдеде сағат 11.15-те "112" пультіне осындай хабар түскен. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға болған жерге тез арада Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен құралдары жіберілді. 15 адамнан және 4 техникадан тұратын жеке құрам оқиға орнында жұмыс істеді. Сағат 12:05-те оқиға орнына сегіз адамнан және бір кинолог қызметінен тұратын ҚР ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары жетті. Кейін "Қазәуеқұтқарудың" тікұшағы көкке көтерілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Кей дерек көздеріне сәйкес, ер адам туристік топпен жүріп, фотоға түсемін деп суға ағып кеткен.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?