Nur Otan Алматыда әлеуметтік жобаларды іске асыру барысын қарады

2 Шілде 2021, 09:42
Сурет: Nur Otan

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев Nur Otan партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасын Алматыда жүзеге асыру мәселелері бойынша онлайн-кеңес өткізді. Жиынға қала әкімінің орынбасары І. Өсеров пен қалалық басқармалардың басшылары да қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Кеңесте партияның сайлау алдындағы уәделері аясында іске асырылуы жоспарланған әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар талқыланды. Атап айтқанда, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жобалар. Қаланың Жайлы қалалық орта, Білім, Қоғамдық денсаулық басқармалары басшыларының, сонымен қатар бірқатар аудан әкімдерінің ақпараттары тыңдалды.

Жалпы, 2025 жылға дейінгі мегаполистегі Жол картасы аясында білім беру және денсаулық сақтау саласында 400-ден астам жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде – жаңа нысандардың құрылысы, бар ғимараттарды жөндеу және сейсмикалық күшейту.

Бүгінде 240 балаға арналған екі мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталды, 30 жекеменшік мектепке дейінгі мекеме ашылды, мектеп пен медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтті. 100-ден астам білім беру және денсаулық сақтау нысандарында жобалау және құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар, пандемиямен жүргізіліп жатқан күресті ескере отырып, бірқатар жобаларды іске асыру мерзімдері қайта қаралды. Атап айтқанда, ОҚКА жансақтау павильондары мен қабылдау бөлмесін жөндеу эпидемиологиялық ахуал жақсарғанға дейін кейінге қалдырылды.

Әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров халықтың сұраныстарын ескере отырып, жоспарланған әлеуметтік жобаларды іске асырудың маңызды екенін айтты. Атап айтқанда, медициналық мекемелер жоқ шағын аудандарда отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар салынады. Бұл қала тұрғындарын қадамдық қашықтықта медициналық қызметтермен қамтуға мүмкіндік береді.

Кеңестің қорытындысы бойынша жауапты басқармаларға партияның қалалық филиалымен бірге Жол картасы тармақтарының орындалуын бақылауды күшейту тапсырылды.

Еске салсақ, партияның Алматы қаласы бойынша Жол картасы осы жылдың ақпан айында ұсынылып, бекітілген болатын. Жалпы, Жол картасы қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 32 мақсатты индикаторларды қарастырған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?