Тоқаев дипломаттарға сөз арнады

2 Шілде 2021, 10:49
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық қызметкерлерді мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент құттықтауы Twitter-де жарияланды.

"Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздердің негізгі міндеттеріңіз – ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыру. Бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Сіздерге осы жауапты мемлекеттік миссияны атқаруда табыс тілеймін!", деп жазды Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Дипломатиялық қызмет күніне орай мәлімдеме жасады.

"Биыл біз тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтудеміз. Көптеген өзге салалардың мамандарымен қатар отандық дипломаттар да егеменді мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына өздерінің лайықты үлестерін қосып келеді. Қазақстан бүгінде халықаралық қоғамдастықтың беделді әрі тең құқықты мүшесі, ядролық қарусыздану мен таратпау саласының көшбасшысы, экономикалық интеграция процестерінің жауапты қатысушысы, дінаралық және мәдениетаралық диалогтың белсенді жақтаушысы", деп мәлімдеді ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?