Тоқаев бірқатар кадрлық өзгеріс жасады

3 Шілде 2021, 09:37
Сурет: Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық өзгеріс жасады. Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

  • Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
  • Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы лауазымынан босатылды;
  • Дмитрий Леонидович Михно Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?