ҚР АШМ жер қатынастары заңындағы жаңашылдықтар туралы айтып берді

3 Шілде 2021, 16:28
Сурет: ia-centr.ru

2021 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. ҚР АШМ бұл заңға қандай өзгерістер енгізілгенін, ол қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл нормативтік акт Жер реформасы жөніндегі екінші комиссияның ұсынымдарын іске асыру мақсатында әзірленді.

Жаңашылдықтар жер заңнамасын жетілдіруге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалдау институтын реттеуге және жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған.

Заңға келесі негізгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

- жаңа мерзімге жалға беру мерзімін созуға басым құқығымен қазақстандықтарға және қазақстандық заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін 49 жылға дейінгі уақытқа ұзақ мерзімді жалға беру, (жаңашылдық жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді экономикалық айналымға тартуды ынталандыратын болады);

- мемлекеттен сатып алмай жер пайдаланушылар арасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану құқығын иеліктен шығару. Бұл ретте жерді пайдалану мерзімі кемінде 5 жыл болуы, сондай-ақ жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету міндетті шарт болады (норма жалға алынған ауыл шаруашылығы жерлерін экономикалық айналымға тартуды ынталандыруға да бағытталған);

- Астанада, облыстарда және Республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелерін құра отырып, орталық уәкілетті органның ведомствосына жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын қайтару (новелла вертикалды қалпына келтіруге және жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды күшейтуге бағытталған);

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатын «бағбандыққа» және «саяжай құрылысына» өзгертуге тыйым салу (ауыл шаруашылығы жерлері қорындағы жерлерді ЖТҚ арналған жерлерге шығаруға мүмкіндік беретін «Саңылау» жойылды);

- жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарда белгілей отырып, жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай ауыл шаруашылығы малдары жайылатын жерлерде халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, қажетті жайылымдық алқаптардың шекараларын айқындау (норма жергілікті халықтың жайылымдық алқаптарға қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған);

- ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер учаскелерінің меншік иелері туралы мәліметтерді МЖК ААЖ интернет-ресурсында ашық қол жетімділікте орналастыру (жер учаскелері бойынша ақпараттың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету);

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беруге мораторийдің мерзімін 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған Жер реформасы жөніндегі Комиссия ағымдағы жылдың 25 наурызы мен 24 сәуірі аралығында жұмыс істеді. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен барлығы 5 отырыс өткізілді, онда 120 ұсыныс қаралды және жер заңнамасын жетілдіру бойынша бірқатар жүйелі ұсынымдар әзірленді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?