Теміртауда есірткі заттарын жарнамалап жүрген “суретшілер” қолға түсті

3 Шілде 2021, 16:59
Сурет: polisia.kz

Теміртауда есірткі заттарын жарнамалап жүрген “суретшілер” қолға түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 2 шілде күні Теміртау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция жасағы өздеріне жүктелген аумақтарда қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға жұмыс жасады.

Сағат 03:30 шамасында аталған жасақ қызметкерлері қаладағы көп қабатты үйлердің бірінің қабырғасына сурет салып жатқан екі адамды байқаған. Полицияға күдік тудырған “суретшілерді” жасақ қызметкерлері бірден ұстады. Олардың 31 жастағы ер адам мен 40 жастағы әйел екені белгілі болды. Полиция қызметкерлерімен ұсталғандардың есірткі заттарын жарнамалайтын сурет салып жатқаны анықталды. Полиция қызметкерлерімен ұсталғандардан ішінде байланыс құралы, медициналық қолғап және сурет салғанда қолданылатын трафареті бар қара сөмке тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 299-1-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?