Қазақстанда КВИ-ден көз жұмушылар саны артты

7 Шілде 2021, 09:24
Сурет: pixabay.com

7 шілдеде Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

7 шілдедегі жағдай бойынша, 34 189 адам КВИ-ден ем-дом алып жатыр (32 876: КВИ+ және 1 313: КВИ-), оның 10 708-і стационарда, ал 23 481 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ + және КВИ - науқастар арасында:
• ауыр жағдайда - 710 науқас,
• өте ауыр жағдайда - 143 науқас,
• жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 75 науқас.

Бір тәулік ішінде 30 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды.

7 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдыққандар туралы ақпарат

5 шілдеде коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония бойынша 27 жағдай, оның ішінде екі кісі өлімі тіркелді.

1 тамыздан бергі статистика келесі сипаттағыдай: тіркелген жағдайлар - 57 464, қайтыс болғандар - 1 010.

7 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда 3 906 643 адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 2 236 062 адам екіншісін қабылдады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?