Еуро-2020: Италия финалға шығып алды

7 Шілде 2021, 09:40
Сурет: championat.com

2020 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалында Италия құрамасы Испаниямен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz aladop.kz-ке сілтеме жасап.

Ойын Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтіп, Италия құрамасының пенальти сериясындағы жеңісімен аяқталды (1:1, 4:2 - пенальти).

Ойынның 60-минутында Италия қақпашы Джанлуиджи Доннарумма бастаған қарсы шабуылды сәтті аяқтады. Федерико Кьеза допты қақпаның алыс бұрышына тоғытты. 80-минутта Испания ұлттық құрамасының шабуылшысы Альваро Мората жартылай қорғаушы Дани Ольмодан пас алып, есепті теңестірді. Пенальти сериясында Италия құрамасының бағы жанды. Мануэль Локателлидің соға алмаған пенальтиіне Дани Ольмо да дәл солай жауап берді. Ал Альваро Моратаның жасаған соққысы Доннарумманың қолынан табылды.

Осылайша, Италия құрамасы Еуро-2020 турнирінің финалына шықты, олар ақтық кезеңде Англия - Дания жұбының жеңімпазымен ойнайды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?