Мәжіліс депутаттары аймақтарды аралауға аттанды

7 Шілде 2021, 11:27
Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары аймақтарды аралауға аттанды. Олар өңір халқы алдында сайлауалды бағдарламалардың іске асырылуын талдайды, қабылданған заңнамалық жаңашылдықтарды таныстырады, сондай-ақ аймаққа қатысты өзекті мәселелердің шешілуін бақылауға алады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірінші парламенттік сессияның соңында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттық корпустың назарын аймақтардағы жұмыстың маңыздылығына аударды.

Мәжіліс депутаттары сайлауалды бағдарламалардың міндеттері жергілікті жерлерде қалай жүзеге асырылып жатқанын, өңірлердің өндірістік және ауылшаруашылық әлеуетін арттыру үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын, халықтың әлеуметтік мәселелері қалай шешіліп жатқанын талдауға ниетті. Ол үшін Nur Otan, "Ақ жол", Қазақстан халықтық партиясы парламенттік фракцияларының депутаттары, сондай-ақ ҚХА депутаттық тобы өндірістік нысандарды, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерін, шаруа қожалықтарды аралап, мәселелерді талқылайды, әр аймаққа қатысты, тек облыс орталықтарында ғана емес, шалғай елді мекендерде де азаматтарды қабылдау өткізеді.

Сонымен қатар, депутаттар қабылданған заңнамалық жаңашылдықтар туралы айтады.

Депутаттар барлық қойылған сұрақтарды, ұсыныстарды және проблемаларды жалпылап, нақты іс-шаралар қабылдау үшін Үкіметке жіберуге, сондай-ақ оларды алдағы заң шығару жұмыстарында ескеруге ниетті.

Депутаттардың аймақтармен жұмысы эпидемиологиялық жағдай мен санитарлық талаптарды ескере отырып ұйымдастырылатын болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?