Дәурен Нұралинов "Қазақстан Барысы" атанды

7 Шілде 2021, 11:32
Сурет: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен Х "Қазақстан Барысы" республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Турнирдің ең ауыр салмақты балуаны Е.Қажыбаев 155 келі болса, ең жеңіл салмақта Ерсұлтан Мұзаппаров 90 келі болды. Ақтық белдесуде Шығыс Қазақстан облысы мен Жамбыл облысының балуаны кездесіп, бабы мен бағы тең түскен Дәурен Нұралинов (ШҚО)"Қазақстан Барысы" атанды. Ал күміс белбеуді Ғалымжан Қырықбай иеленсе, қола белбеуді маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов жеңіп алды.

Оныншы Барысқа 25 000 000 теңге және алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы "тайтұяқты" Qazaq kuresi ассоциациясы бірінші вице-президенті Самат Әбіш табыстады.

Екінші орын иегері Жамбыл облысының балуанына 5 500 000 теңге және күміс белбеу берілді.

Үшінші орын алған Маңғыстау облысының балуаны Нұрдәулет Жарылғапов 1 800 000 теңге алып, сәйкесінше қола белбеумен марапатталды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?