Қыздарға қырғидай тиіп. Алматы облысында демалыс орнынан шыққан айқай-шу

7 Шілде 2021, 14:46
Сурет: видеодан алынды

Алматы облысындағы демалыс орнында ер адамға кәмелетке толмаған қыздарға қырындап, тиіспек болды деген айып тағылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ыңғайсыз оқиғаның видеосы taldykorganec.insta сайтында жарияланды.

Автордың айтуынша, ер адам бассейндегі қыз-қырқынға қырғидай тиген.

Өз кезегінде, әкімшілік "балалар бассейнде шомылмаған болуы мүмкін" деген жауапты алға тартады.

Қызым - 17 жаста, жиен қыз - 18 жаста. Әрине, мен наразылық таныттым. Ақшасын төледік, енді балаларым жағада отыруы керек пе, - дейді әйел.

Нәтижесінде қылмыскер табылды. Демалушылар ер адамның мас болғанын және 14 - 16 жастағы басқа да қыздарға тиіспек болғанын атап өтті.

Облыстық полицияның хабарлауынша, 5 шілдеде бір әйел полицияға ер адамның өзінің 16 жасар қызына шомылып жүргенде тиіспек болды деп арызданған.

Күдікті анықталды. Бұл Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылының 34 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы, 1-бөлігі (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер).бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?