Дубай портында жарылыс болды

8 Шілде 2021, 10:53
Сурет: twitter

Дубайдағы Жебел-Али портында жағада тұрған кемедегі контейнер отқа оранып, артынан күшті жарылыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жерглікті билік жарылыстан ешкім зардап шекпегенін және өрт бақылауға алынғанын айтты.

Алдын ала ақпарат бойынша, жарылған кемеде мұнай цистернасы болған.

Кейінірек Әмірлік үкіметі жарылыстың портқа тоқтаған кемедегі контейнерден шыққанын хабарлады. Қазір оқиға орнында азаматтық қорғаныс топтары мен төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.

Twitter қолданушылары оқиғаның видеолары мен фотосуреттерімен бөлісіп жатыр. Видеода кешке қарай аспанға бұрқ етіп көтерілген отты көруге болады.

الانفجار في أحد السفن في ميناء جبل علي pic.twitter.com/1m5O3ctPs0


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?