Бердібек Сапарбаев Президент тапсырмаларының орындалуы жөнінде кеңес өткізді

24 Маусым 2021, 12:11
Сурет: gov.kz

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшыларының қатысуымен өткен кеңесте берілген тапсырмаларды орындау бойынша кеңес өткізді.

Биыл елімізде тарихта тұңғыш рет әкімдерді – ауылдық округтердің басшыларын тікелей сайлау өтеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында ауыл әкімдерін сайлау туралы бастама көтеріп, бұл маңызды қадамға мұқият әрі дәйекті түрде қарау керек екенін атап өтті. Нақты елді мекендердің әл-ауқаты осы сайлаудың нәтижелеріне байланысты болмақ, – деді жиынды ашқан облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев жауапты адамдарға барлық сайлау процесіне қатысушылардың заңнаманы сақтауын бақылауды тапсырды.

Барлық процесс ашық және мөлдір болуы керек. Кездесуде Мемлекет басшысы партиялық бәсекелестікті күшейту туралы айтты. Біздің облыста алты саяси партия өз кандидаттарын таныстырады. Сайлау алдындағы жарыста барлық үміткерлерге бірдей мүмкіндіктер қарастырылып, жергілікті жерлерде штаб құру мәселелеріне барлық жауапкершілікпен қарау керек, – деп кеңеске қатысқан аудан әкімдеріне бейнеконферен байланыс арқылы тапсырма берді.

Аймақ басшысы барлық деңгейдегі әкімдерге үлкен жауапкершілік жүктелетінін ескерте кетті.

Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, жаңа оқу жылына және жылыту маусымына дайындық барысын пысықтап, нақты тапсырмалар берді.

Айта кетсек, Жамбыл облысының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарының шешімдерімен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге Жамбыл облысы бойынша өкілеттік мерзімдері аяқталатын және өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған 38 ауылдық округтерде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауы тағайындалып, сайлау округтері белгіленді.

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілген.

Сайлауды тағайындау және сайлау окруктерін құру туралы Аумақтық сайлау комиссияларының (АСК) интернет-беттерінде және жергілікті бақ құралдарында жарияланды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?