Балалар құқығын қорғау комитеті Ақтөбедегі жағдайды өз бақылауында ұстайды

8 Шілде 2021, 19:48
Сурет: иллюстрация үшін алынды

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облысында оқушымен болған жағдайды бақылауда ұстайды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ақтөбе облысы әкімдігінің Білім басқармасы 7 жасар баланың ата-анасының өтініші туралы бұған дейін Комитетке хабарламаған. Осыған байланысты Комитет лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы өтініш жолдап, Ақтөбе облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектеп қызметкерлеріне қатысты тергеу жұмыстарын бастады", делінген ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ресми хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысындағы мектеп оқушысының туыстары журналистерге 7 жасар балаға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарлаған болатын. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін істің егжей-тегжейі жария етілмейді.

"Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің құқық қорғау органдарына қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар кәмелетке толмағандардың немесе оларға қатысты іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау фактілері туралы хабарламауы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Егер ақпарат расталса, мектеп аумағында зорлық-зомбылыққа жол берген және оған тиісті назар аудармаған адамдарға қатысты шаралар қабылданатын болады. Ақтөбе облысының білім басқармасына балаға және оның отбасына психологиялық көмек көрсету тапсырылды. Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысында облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесін қарау және осындай жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды", - дейді аталған құзырлы орган.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?