Жалған екпе құжаты: Үш өңірде медицина қызметкерлері ұсталды

9 Шілде 2021, 11:25
Сурет: zakon.kz

Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ Ақмола және Алматы облыстарында вакциналау төлқұжаттарын сатқан медицина қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, олар 8 шілдеде ұсталған.

Олар іс жүзінде вакцина алмаған адамдарға құжаттар рәсімдеп, ал вакцина құтысын жойып отырған. Көріп отырғаныңыздай, халықтың денсаулығы пайда табу объектісіне айналды, ал бюджеттен бөлінген ақша текке кетіп жатыр. Осындай жалған төлқұжат алған адамдар біздің қасымызда жүреді, бір көлікке мінеді, бір ұшақпен ұшады, - деді Ахметжанов бірінші жартыжылдықтағы жұмысты қорытындылаған агенттіктің алқалы жиынында.

Ол қолға алынған бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?