Алматыда туркомпаниялар вакциналау төлқұжатын қолдан жасаған - ҚР ІІМ

9 Шілде 2021, 14:57
Сурет: zakon.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі жалған ПТР тесттер мен вакциналау төлқұжаттарын жасау әрі қолдану фактілерін әшкерленгенін жария етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, қазіргі уақытта халықтың денсаулығын сақтау Үкіметінің өзекті бағыттарының бірі болып табылады.

"Жыл басынан бері ішкі істер органдары ПТР-тестілеу нәтижелері мен вакциналау төлқұжаттарын қолдан жасаудың, сондай-ақ оларды пайдаланудың 30 жағдайын тіркеді. Мысалы, Алматы қаласында қажылардың Сауд Арабиясы Корольдігіне кетуін рәсімдеу кезінде вакцинациялау төлқұжаттарын (143) жаппай дайындауға қатысы бар туристік компания анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тінту іс-шаралары барысында ұйымдастыру техникасы, мөрлер, бланк өнімдері алынды, сот сараптамалары тағайындалды" делінген ҚР ІІМ хабарламасында.

Еске сала кетейік, жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?