Жалған ПТР-тест және екпе құжаттары бойынша қанша қылмыстық іс қозғалды

9 Шілде 2021, 17:29
Сурет: zakon.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі ПТР-тест пен вакциналау төлқұжаттарын қолдан жасау бойынша қанша қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, 2021 жылы ішкі істер органдарының өндірісінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 385-бабы, "ПТР-тестті қолдан жасау, дйындау және сату" бойынша тіркелген 23 қылмыстық іс болған (Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі, 11-бөлігі, 2-2 бөлімі, 2 бөлімі, 3-10-тармағы).

Тергеу ісі аяқталғаны - 12 қылмыстық іс. 2 қылмыстық іс сотқа жолданды. 10 қылмыстық іс ақтау негіздері бойынша орта жолдан тоқтату туралы шешім қабылданды (Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы, 1-бөлігі, 2-тармағы бойынша). Тергеу мерзімдері 3 іс бойынша тоқтатылды (Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 45-бабы, 7-бөлігі, 1-тармағы бойынша). Өндірісте әлі 8 қылмыстық іс бар, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жалған вакциналау құжатын әзірлеу бойынша өндрісте әлі 4 қылмыстық іс бар.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, деп толықтырды министрліктегілер.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?