ҰҚК бір сөмке өтірік доллары бар қылмыс әлемінің белді мүшесін ұстады

9 Шілде 2021, 17:48
Сурет: ҚР ҰҚК

27 маусымда Алматы қаласында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық қылмыстық топ мүшесінің жалған шетелдік валютасын өткізбек болған жерінен ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қылмыстық ортаның "белді мүшесі" ұсталып, одан табылған Алматы қаласындағы криминалдық айналымға арналған жалған 400 мың АҚШ доллары тәркіленді.

Бұл факт бойынша ҚР ҚК 231-бабы 2-бөлігі ("Өткізу мақсатында жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, алып өту және сақтау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Көрсетілген бап бойынша мүлік тәркіленіп, бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қылмыскер айыбын мойындады.

Одан басқа, фигурантқа Ақтөбе қаласындағы кәсіпкердің көлігі мен жер телімін заңсыз иемдену фактісі бойынша өздігінен иемдену айыбы тағылып отыр.

Алынған деректер бойынша, ұсталған адам Қырғызстан мен Ресейдің "вор в законе" жүйесіндегілермен байланыста болған. Фигуранттың "ұрылар қауымдастығындағыларды" қаржыландыруға қатысы және өзге де криминалдық схемаларды іске асыру үшін қылмыстық табысты пайдалану ниеті туралы нұсқалар тексерілуде.

Ұйымдасқан қылмыстың экономика саласына енуі оның тұрақты дамуына кедергі келтіріп, көлеңкелі капиталдың артуына ықпал етеді.

Осы санаттағы қылмыстар азаматтарымыздың мүдделеріне қарсы бағытталған, қаржы жүйесіне теріс әсер етіп, еліміздің беделіне нұқсан келтіреді.

Қабылданып жатқан шаралар мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігі мен азаматтарымыздың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?