Ақмола облысында медқызметкер жалған екпе құжатын жасады деген күдікке ілінді

12 Шілде 2021, 09:49
Сурет: sng.today

Маусым айында полиция бөлімшелерінің біріне медициналық мекеменің басшысы медициналық қызметкердің бірі "Вакциналау" ақпараттық жүйесіне жалған ақпарат енгізгенін хабарлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 385-бабы (Ресми құжаттарды қолдан жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлады Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл іске қатысты қажетті тергеу және іс жүргізу әрекеттері қабылданып жатыр.

Басқа ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?