Қазақстанда сынап бағаны төмендеп, күн салқындайды

12 Шілде 2021, 11:07
Сурет: pixabay.com

Синоптиктер 13-15 шілдеге арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Күн салқындап, жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Республикамыздың басым бөлігінің ауа-райына циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер әсер ететін болады. Ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, дауыл соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Батыста ауа температурасы түнде +12+22℃, күндіз +25+35℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз термометрлер +12+28℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +8+20℃, күндіз +15+28℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23°С, күндіз +25+32°С болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?