Қызылорда облысында ауылдық округ әкімдеріне 151 кандидат ұсынылды

12 Шілде 2021, 11:24
Сурет: баспасөз қызметі

Қызылорда облысында ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

40 округ бойынша 151 кандидат ұсынылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.

Қазір үміткерлердің заңды талаптарға сәйкестігі тексеріліп жатыр. Сонымен қатар, кандидаттарды тіркеу жұмыстары әлі жалғасуда. Бүгін 81 үміткер тіркеуден өтті, - деді Ғалым Қонақбайұлы.

Айта кету керек, кандидаттарды тіркеу 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?