Нұр-Сұлтанда алаяқ құрылыс компаниясына 300-ден аса үлескер алданып қалды

12 Шілде 2021, 12:01
Сурет: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті "Royal EXPO apartments" массивті тұрғын кешенін салушы "Expolis Invest VM" ЖШС басшылығына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта 280 жәбірленуші полицияға шағым түсірді. Сотқа дейінгі тергеу барысында республикамыздың әртүрлі аймақтарында тұратын 300-ден астам адам "Expolis Invest VM" ЖШС басшылығының әрекеттерінен зардап шеккені анықталды. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті құрылыс компаниясы әрекеттерінен зардап шеккен үлескерлерден тергеу бөліміне: 71-62-85, 8-775-968-77-34 телефондары арқылы хабарласуларын сұрайды, - дейді қалалық ПД баспасөз қызметі

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін, құрылыс компаниясымен бірлескен құрылыс туралы келісімшарттар жасасу кезінде келесі аспектілерге назар аударуға кеңес беріледі:

- жобалаушы мен құрылысты салушы компанияның нақты заңды мекен-жайы туралы мәліметтер;
- компанияның мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжаттар;
- компанияның құрылтайшылары, сондай-ақ жобалаушы компания құрылтайшылары туралы ақпарат;
- жеке тұлғалардан қаражат тарту арқылы құрылысқа рұқсатты көрсететін құзыретті органдардың лицензиясының болуы;
- компанияның құрылыс жүргізілетін жер учаскесіне құқығын растайтын құжаттар;

- нысанды салуға ГАСК берген рұқсат;
- құрылыс кезеңдері және оны аяқтау мерзімдері туралы мәліметтер;
- құрылыс компаниясының қара тізімде бар-жоғын тексеріңіз.

2020 жылы мамырда елорда әкімдігі прокуратурамен бірлесіп жүргізген мониторинг нәтижесінде үлескерлерден ақшаны заңсыз тартқан 46 құрылыс компаниясын анықтады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?