Ақтөбеде дүкеннен жөргек ұрлаған жалғызбасты әйел бір жылға сотталды

12 Шілде 2021, 14:01
Сурет: diapazon.kz

Ақтөбеде жөргек пен алкоголь өнімдерін ұрлап, сөмкеге жасырып, оны кішкентай қызының велосипедіне іліп, кассаға төлем жасамай өткен әйел ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол үш аяқты велосипед мінген кішкентай қызымен бірге сауда үйіне келді. Әйел дүкен сөресінен бірнеше орама жөргек пен ром, виски бөтелкесін сөмкесіне салып, қызының велосипедіне іліп қойды, деп жазады "Диапазон"

Кассир ұрланған заттарды баланың сөмкесіне жасыруға болады деп тіпті ойламаған, сондықтан анасы дүкеннен бей-жай шығып кетеді. Спирттік ішімдікті ол жолай өтіп бара жатқан адамға 3 мың теңгеге сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Нәтижесінде, жалғызбасты ана ұрлық жасағаны үшін сотқа тартылды. Үкім шыққанға дейін ол дүкенге келтірілген 35 мың теңгенің шығынын төлей алмады, сондықтан іс татуласу жағдайына жетпеді.

Сот ұрлық жасағаны үшін оған бір жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды (жаза үйде өтеледі, бірақ кейбір шектеулермен). Оған ескерту жасалды: егер ол режимді бұзатын болса, онда оның жазасын колониядағы нақты мерзімге ауыстырылуы мүмкін.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?