Ақпарат экс-вице-министрі Көлгіновтің орынбасары болып тағайындалды

12 Шілде 2021, 20:28
Сурет: ПМ

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Оралов Асхат Раздықұлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Ол бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған. Әр жылдары Nur Otan партиясы жанындағы "Жас Отан" ЖҚ хатшылығында, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2016-2018 жылдары Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарды.

"Соңғы жылдары Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі болып саналады. Әкім орынбасары ретінде Асхат Оралов әлеуметтік бағыттарға жетекшілік ететін болады", делінген әкімдік хабарламасында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?