Алматы облысында бетін тұмшалаған үшеу кәсіпкерді тонап кетті

13 Шілде 2021, 09:40
Сурет: pexels.com

Алматы облысында кәсіпкерді тонап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

58 жастағы жергілікті тұрғын полицияға қоңырау шалып, бетперде киген белгісіз біреулер оның қол-аяғын байлап-матап, ақшасы мен телефондарын ұрлап кеткенін айтты.

Полицияның мәліметінше, келтірілген шығынның жалпы сомасы 1 миллионнан астам теңгені құрайды.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 3-тармағы, "Қарақшылық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды.

Полиция Алматы облысының үш тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында ұсталғандардың алдын ала сөз байласқаны анықталды. Тергеу аяқталғанға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы екі күдіктіге қатысты таңдалды. Бұлтартпау шарасы анықталғанға дейін үшінші күдіктіні уақытша ұстау изоляторына орналастыру туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар жария етілмеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?