Есі кеткен Италия пандемияны ұмытты

13 Шілде 2021, 10:26
Сурет: twitter.com/ Nazionale Italiana

Римде футболдан Еуропа Чемпионаты - 2020 жеңімпазы болған Италия құрамасы дүркіретіп тойлап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Дүбірлі додада жеңіске жеткен ұлттық команда Италия президенті Сержио Маттарелламен және премьер-министр Марио Драгимен кездесті. Осыдан соң "Скуадра адзурра" автобусқа мініп, Еуропа Біріншілігінің Кубогын көкке көтеріп, мыңдаған жанкүйер күтіп тұрған астананың көшелерімен жүріп өтті.

Теннисші Маттео Берриттини футболшылармен бірге парадта жүрді. Ол кеше Уимблдонның шешуші кезеңінде Новак Джоковичпен өнер көрсетіп, жеңіліп қалды. Бірақ ол Уимблидонның шешуші кезеңіне өткен алғашқы итальяндық болып тарихта қала алады.

Италия құрамасы Еуропа чемпионатының финалында Англияны пенальти сериясында жеңіп, тарихта екінші рет алтын медалді жеңіп алды. Алғашқы алтын Италияға бұдан 50 жылдан астам уақыт бұрын - 1968 жылы бұйырған еді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?