Қазақстан әскерилері Түркияда өтіп жатқан халықаралық жаттығуға қатысты

13 Шілде 2021, 12:56
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Анкара қаласында 28 маусым мен 12 шілде аралығында "Анадолы – 2021" оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Оған Әзербайжан, Албания, Қазақстан, Қатар, Пәкістан, Түркия және Өзбекстан қарулы күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері қатысуда, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу ниеті бойынша Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері арнайы операцияны жоспарлау және үйлестіру жөніндегі штабтық жұмысқа, сондай-ақ жекелеген тактикалық эпизодтарға тартылды.

Екі күн бойы арнайы міндетті кешенді орындау барысында бөлімшелердің қалалық жердегі тактикалық іс-қимылы, мергендік даярлық элементтері, авиацияны нысанаға бағыттау және десант түсіру тәсілдері пысықталуда.

Қазақстан әскери қызметшілерінің "Анадолы – 2021" оқу-жаттығуына қатысуы қару-жарақ пен керек-жарақтың қазіргі заманғы және перспективалы үлгілерін, шет мемлекеттер арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің даярлық жүйесі мен іс-қимылы тактикасын зерделеуге ықпал етеді. Одан басқа, бірлесіп маневр жасау Қазақстан мен Түркияның арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға оң әсер ететіні сөзсіз.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?