Екі апта бойына үш қаладан іздестірілген жезқазғандық қыз вокзалдан табылды

13 Шілде 2021, 13:27
Сурет: баспасөз қызметі

Жезқазғанда екі апта бойына жоғалған қыз іздестірілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол 28 маусым күні үйден кеткен. Келесі күні анасы полицияға хабарласқан.

Біз қызым және 5 жасар ұлыммен үшеуміз бірге тұрамыз. Оның жоғалуы алдында арамызда ешқандай жанжал болған жоқ. Кешке үйге келсем, ол үйде болмады, ұялы телефонына хабарласып едім, сөндірулі деді, - дейді ол.

Қыз Жезқазған, Сәтбаев, Қарағанды ​​және Нұр-Сұлтан қалаларынан да іздестірілді. Іздеу жұмысына волонтерлар да ат салысты.

12 шілдеде кешке Жезқазғаннан келген такси жүргізушісі клинет іздеп, Қарағанды ​​автобекетіне бас сұғады. Сол жерден іздеудегі қызды байқайды. Бойжеткен бірден Қарағанды ​​полиция бөлімшесіне қарасты Михайловский аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Бойжеткен полицияға денсаулығының жақсы екенін, ешкімге шағымы жоқ екенін әрі өзін еркінен тыс ешкімнің ұстамағанын айтты, - деді облыстық полиция.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?