Ақша бопсалаған "діндарлар". Атырау облысында қылмыстық топтың жолы кесілді

13 Шілде 2021, 13:32
Сурет: ҚР ҰҚК

5 шілдеде ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратурамен және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, спорттық орта өкілдері мен деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Топқа қатысушылар ұзақ уақыт бойы бағдарлық такси жүргізушілерінен ("Атырау-Орал-Атырау"), оның ішінде дене күшін қолданумен қорқытып, ақшалай қаражат бопсалауды жүзеге асырған. ҰҚТ-ның 4 белсенді қатысушысы ұсталды. Фигуранттардың және олардың жақын байланыстарының тұрғылықты жерлерінен 3 бірлік әртүрлі қару мен оларға оқ-дәрілер, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекеттерін растайтын құжаттық материалдар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылып, алынды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы міндеттеме алды. Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда, делінген баспасөз хабарламасында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?