Маусым айында Ұлттық қор қаншаға толықты

13 Шілде 2021, 14:39
Сурет: zakon.kz

Ұлттық банк Ұлттық қордағы валюта активтерінің маусым айындағы динамикас туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұлттық банк төрағасы орынбасарының айтуынша, Ұлттық қордың валюталық активтері шұғыл деректер бойынша бір айда 1,1 млрд АҚШ долларына төмендеп, маусымда 57,5 млрд АҚШ долларын құрады.

Әлия Молдабекова атап өткендей, өткен айда Ұлттық қордың валюталық активтерінің төмендеуі республикалық бюджетке кепілдік берілген және нысаналы трансферттер бөлуге байланысты.

Алдында атап өткенімдей, трансферттер бойынша өтінімдерді орындау үшін 1,093 млрд АҚШ долларына валюталық активтер сатылды. Бұл ретте, маусымда қорға түскен түсімдер көлемі шетел валютасындағы 189 млн АҚШ долларын қоса алғанда, небәрі 97 млрд теңге болды, - деді ол.

Оның айтуынша, активтерді басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді стратегия шеңберінде Ұлттық банк активтердің неғұрлым кірісті сыныптарының, оның ішінде акциялардың, корпоративтік облигациялардың және дамушы нарықтардағы еурооблигациялардың үлесін өсіруде.

Нәтижесінде, Ұлттық қордың 2021 жылғы бірінші жартыжылдықтағы инвестициялық кірісі оң қалыптасты және көбінесе акциялардың жаһандық нарығының өсуі есебінен 1,5 млрд АҚШ долларын немесе 2,5%-ды құрады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?