Тоқаев Қажахмет Балахметовты мерейтойымен құттықтады

13 Шілде 2021, 14:43
Сурет: ҚР БҒМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білім беру саласының ардагері Қажахмет Балахметовті 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент тарапынан ардагерге Алғыс хат жолданып, төсбелгі табыс етілді. Оларды мерейтой иесіне ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыстады.

"Еліміздің жалпы білім беретін орта және жоғары оқу орындарын, Оқу-ағарту министрлігін басқарып, қалалық және облыстық халық депутаттары кеңестерінің, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болған кезіңізде қоғам үшін аянбай еңбек етіп, отандық білім және ғылым саласын дамытуға белсене атсалыстыңыз. Сіздің қаламыңыздан туған ғылыми жұмыстарыңыз аталған саланың зерттелуіне қосылған елеулі үлес болды. Ел игілігі жолында атқарған жемісті еңбегіңіз үшін Сізге алғысымды білдіріп, торқалы 95 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Деніңізге саулық, әулетіңізге амандық тілеймін", – деген сөздермен Президент ризашылығын білдірді.

Қажахмет Балахметов Қазақ КСР Оқу-ағарту министрлігін 13 жыл басқарды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?