Қазақстанда міндетті вакцинациялау мерзімі ұзартылады

13 Шілде 2021, 21:27
Сурет: ТАСС/Ярослав Беляев

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев 15 шілдеден бастап жұмыс берушілер мен қызметкерлердің вакцина алған-алмағаны тексерілмейтіндігін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Президенттің тапсырмасы мен ведомствааралық комиссия (ВАК) хаттамасының нұсқауына байланысты мемлекеттік органдар міндетті вакцинациялау мерзімін 19 шілдеге дейін ұзарту туралы мәселені қарайды. 19 шілдеден кейін қызмет көрсету саласына қатысты мерзімді ұзартудың жаңа алгоритмі анықталады. Кеше ВАК міндетті вакциналау мерзімін ұзарту мәселесін қарау туралы шешім қабылдады, - деді Байтанаев.

Ол мемлекеттік органдар бұл мәселені әлі де қарастырып, қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне қатысты ұсыныстар енгізіп жатқанын нақтылады.

15 шілдеден кейін вакциналау мәртебесі тексерілмейді, - дейді Байтанаев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?